Оралда оқу-жаттығу операциясы өтті
Орал қаласының аумағында барлық арнайы қызметтердің қатысуымен оқу-жаттығу операциясы өтті. Оның барысында әлеуетті құрылымдардың, медициналық және өртке қарсы қызметтердің және басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимыл алгоритмі пысықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқу-жаттығу барысында уәкілетті мемлекеттік органдар террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге, оның ішінде адамдар көп жиналатын жерлерде жарылғыш құрылғылардың табылуына, білім беру объектілеріне шабуыл жасауға бастапқы ден қою алгоритмдері іс жүзінде жүргізілді. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, бір мезгілде тікелей стратегиялық объектіде құқық қорғау органдарын шұғыл хабардар ету және эвакуациялау элементтері пысықталды.
Өткізілген іс-шарада пысықтау және жауынгерлік әзірлікті жетілдіру үшін қажетті мәселелер айқындалды. Жалпы оқу іс-шараларының нәтижелері облыстық жедел штаб күштерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетті.