Оралда отырып ойнайтын параволейболдан инклюзивті қайырымдылық турнир өтті
12 мамырда Орал қаласындағы "Жайық Арена" спорт кешенінде отырып ойнайтын параволейболдан қайырымдылық және инклюзивті турнир өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараны Батыс Қазақстан облыстық "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының қоғамдық бірлестігінің филиалы мен БҚО паралимпиадалық және сурдолимпиадалық спорт түрлері федерациясы облыс әкімдігінің қолдауымен бірлесіп ұйымдастырды.
Турнирдің басты мақсаты — өңірде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамыту, паралимпиадалық қозғалысты қолдау, инклюзивтілік қағидаттарын насихаттау, сондай-ақ қоғамда тең мүмкіндіктер мен өзара түсіністік мәдениетін қалыптастыру болды.
Жарысқа облыстың әртүрлі аудандарынан келген 5 команда қатысты. Жалпы саны 40-тан астам спортшы өз мүмкіндіктерін байқап, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Турнир достық пен жылы қарым-қатынасқа толы атмосферада өтті. Жарыс барысында командалық рух пен спортқа деген шынайы қызығушылық ерекше байқалды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға, еріктілер мен серіктестерге бейімделген спортты қолдағаны үшін алғыс білдіріп, мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын тауып, дәстүрге айналатынына сенім білдірді.