Оралда полицейлер есірткі сатумен айналысқан күдіктіні құрықтады
Оралда полиция қызметкерлері Қостанай облысының тұрғынын есірткі сатумен айналысты деген күдікпен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Орал қаласында полиция қызметкерлері Қостанай облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіттен ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 37 «зип-пакет» тәркіленді. Сондай-ақ күдікті есірткі жасырған жерлерді көрсетіп, нәтижесінде ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 5 «зип-пакет» тәркіленді.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.