Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда полиция қызметкерлері 11 ойын-сауық орнын тексерді

БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Оралда 11 ойын-сауық орнына тексеріс жүргізді – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласы прокуратурасының, сондай-ақ бірқатар полиция қызметтері мен басқа да ведомстволардың қызметкерлерімен бірлесіп қаланың 11 ойын-сауық орнына жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Көңіл көтеру орындарын тексеру барысында тиісті құжаттарсыз жүрген 26 күзетшінің заңсыз қызметі анықталды. Күзет бекеттерін тексеру кезінде қолдан жасалған таяқтар, жиналмалы қалта пышағы, Таран екі резеңке таяқ табылып, тәркіленді. Барлық күзетшіге қатысты тиісті шаралар қабылдау мақсатында МКД-ға бастапқы материал жинақталды.

Сонымен қатар мекемелердің бірін тексеру кезінде қызметтік иттердің көмегімен сары түсті ұнтақ заты бар «ЗИП» пакет табылды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабына (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкес тергеу басталды.

Қоғамдық орында кальян қызметін көрсетіп, пайдаланғаны үшін мекемеге келушілер мен әкімгерлерге қатысты 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Ойын-сауық орындарында болған 9 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды, олардың екеуі даяшы және бармен ретінде жұмыс істеген. Жасөспірімдердің ата-аналары мен мекеменің әкімгерлеріне қатысты 10 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ тексеру барысында Орал қаласының пробация қызметінде есепте тұрғандардың 2-еуі келуші ретінде болса, ал екеуі тәуліктің түнгі уақытында бұл мекемелерде бармен және даяшы болып заңсыз жұмыс істеген.

Сонымен қатар әскери қызметке шақырылушылар тізіміндегі адамдардың екеуі анықталып, БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жеткізілді.

Аталған бағытта жұмыстар әлі де жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру