Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда полиция жалған нөмірлері мен құжаттары бар көлікті ұстады

Орал қаласында полиция жалған нөмірлері мен құжаттары бар көлікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Орал қаласы Циолковский көшесінде патрульдеу барысында KIA K-5 автокөлігін тоқтатты.

Көлік құралын тексеру барысында өзге елдің жалған мемлекеттік белгілерімен басқарып жатқандығы анықталды. Көліктің арнайы тораптары мен агрегаттары құжаттармен салыстырғанда сәйкес келмеген.
Тексеру нәтижелері бойынша автокөліктің жалған мемлекеттік тіркеу белгілері мен құжаттарын қолдана отырып өзгертілгені анықталды.

Автокөлк арнайы мамандандырылған автотұраққа қамалды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің барлық мән-жайларын анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Полиция азаматтарды автокөлік сатып алу кезінде мұқият болуға және алаяқтардың құрбаны болмас үшін олардың заңдылығын тексеруге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру