Оралда құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді
Орал қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz .
23 желтоқсанда Орал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында кешенді профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған шаралар Орал қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мен Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің бірлесуімен өткізілді.
Іс-шара барысында профилактикалық есептің әртүрлі санаттарында тұрған, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғаларға ерекше назар аударылды. Тексеру нәтижесінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 65 адам, әкімшілік қадағалауда тұрған 17 тұлға, бұрын сотты болған 52 азамат, ерекше талап қойылған 29 адам, құқық бұзушылық жасауға бейім 39 тұлға және профилактикалық есептің өзге де санаттарындағы азаматтар қамтылды.
Жалпы алғанда 300-ден астам есепте тұрған тұлға тексеріліп, әрбір азаматпен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Оларға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен құқық бұзушылық жасаудың құқықтық салдары жан-жақты түсіндірілді.
Профилактикалық тексеру барысында бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440, 204, 517, 518, 196, 492, 449 және 615-баптары бойынша барлығы 38 әкімшілік хаттама рәсімделді.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстардың жолын кесу мақсатында 76 «күдікті пәтер» мен антиқоғамдық элементтердің шоғырлануы ықтимал орындар тексерілді. Бұдан бөлек, Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының (ЦВАД) есебінде тұрған азаматтармен тұрғылықты мекенжайлары бойынша мақсатты профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Аталған профилактикалық іс-шаралар қала аумағында қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетуге және қайталанатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
