Оралда синтетикалық есірткі таратқан күдікті ұсталды
Оралда синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 19 жастағы жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Орал қаласында жедел-іздестіру шаралары барысында синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 19 жастағы жігіт ұсталды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні жеке тінту кезінде 22 зип-пакетке оралған, ақ ұнтақ тәрізді затты тапқан. Бұл пакеттер фольгаға оралған.
Сондай-ақ полицейлер жақын маңдағы аумақты тексеру барысында үш түрлі жасырын орыннан тағы 3 пакет тапты.
Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат — синтетикалық есірткі санатына жататын альфа-PVP екені анықталды. Жалпы салмағы — 14,97 грамм.
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Оның барысында тыйым салынған заттың жеткізілу арналары мен өзге де қатысы бар тұлғалар анықталады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.