Оралда студентті тонаған күдікті ұсталды
Оралда студентті тонаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Орал қаласында полиция қызметкерлері студентті қорқытып ақшасын иемденген 21 жастағы азаматты ұстады. Тергеу барысында күдікті жәбірленушінің телефоны арқылы банктің мобильді қосымшасынан өзіне ақша аударып алғаны анықталды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ұсталған азаматтың бұған дейін де әртүрлі қылмыс үшін сотты болғаны белгілі болды. Заңнамаға сәйкес мұндай әрекет үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу, сондай-ақ мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны көздейді.
Полиция азаматтарды мұндай жағдайларға тап болған кезде дереу полицияға хабарласуға шақырады.