Оралда тергеуші бір тәулікте қылмыстық істі аяқтаған
Оралда тергеуші бір тәулікте қылмыстық істі аяқтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеуші мамандығы құқық қорғау органдары жүйесіндегі ең жауапты әрі күрделі мамандықтардың бірі болып саналады, себебі ол жоғары құқықтық сауаттылықты, принципшілдікті, күйзеліске төзімділікті және қысқа мерзімде заңды әрі негізделген шешімдер қабылдай білуді талап етеді.
2025 жылғы 19 қарашада Орал қаласы полиция басқармасының Абай аудандық полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оның сотқа дейінгі тергеп-тексеруін тергеуші Котельников Владислав Викторович жүзеге асырды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тізілімі ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, электрондық форматта жүргізілді, барлық процессуалдық шешімдер, тергеу әрекеттері мен өзге де іс-шаралар аталған электрондық база арқылы рәсімделіп, жүзеге асырылды.
Аталған қылмыстық істі тергеп-тексеру 23 сағат 30 минут ішінде толық аяқталып, оның барысында тергеуші кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы терең білетінін, тергеу және процессуалдық әрекеттерді сауатты жоспарлай алатынын, шектеулі уақыт жағдайында және электрондық құжат айналымы жүйесінде тиімді жұмыс істей алатынын көрсетті.
Қылмыстық іс шеңберінде тергеуші В.Котельников барлық қатысы бар тұлғаларды уақтылы жауапқа тартып, қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттерді жүргізіп, жан-жақты, толық және объективті тергеп-тексеруді қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды қабылдады. Барлық іс-шаралар заң талаптары мен белгіленген процессуалдық мерзімдерді сақтай отырып орындалды.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабы тәртібімен прокуратураға жолданып, прокурормен бекітілгеннен кейін сотқа жіберілді. Қылмыстық істің бір тәулік ішінде аяқталуы тергеушінің жоғары жауапкершілігін, ұйымдастырушылық қабілетін және кәсіби шеберлігін айқын көрсетеді.
Котельников Владислав Викторович 2022 жылғы тамыз айынан бастап Орал қаласы полиция басқармасының Абай полиция бөлімінде қызмет атқарып келеді. Қызмет атқару кезеңінде ол өзін тәртіпті, бастамашыл және кәсіби даярлығы жоғары қызметкер ретінде көрсетті.
Қызмет барысында ол 39 қылмыстық істі сотқа жолдап, жалпы саны 100-ге жуық қылмыстық істі тергеп-тексерген. Бұл оның елеулі практикалық тәжірибесі мен қызметтік дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді.
Еңбекқорлығының, біліктілігінің және қызметтік міндеттерін адал атқаруының арқасында тергеуші Владислав Котельников өзін оң қырынан танытып, тергеуші қызметінің жауапты әрі маңызы зор екенін дәлелдеді.
Алдағы уақытта кәсіби жетістіктерге жетуіне, қызметтік мансапта өсуіне және жаңа табыстарға қол жеткізуіне тілектестік білдіреміз.
