Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда тұрғындардың атына онлайн несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Оралда тұрғындардың атына онлайн несие рәсімдеген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласында Абай полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтардың атына онлайн микронесиелер рәсімдеген ер адамды құрықтады. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті "қоңырау шалып алайын" деген желеумен таныстары мен бейтаныс жандардан ұялы телефондарын уақытша сұрап алып отырған. Алайда ол бұл құрылғыларды пайдаланып, түрлі микрокредиттік ұйымдардың қосымшалары арқылы жәбірленушілердің атына онлайн несие рәсімдеген. Кейін алынған қаржыны өз шоттарына аударып отырған.

Қазіргі таңда аталған алаяқтық фактісі бойынша алты эпизодқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жалпы келтірілген материалдық шығын көлемі 300 мың теңгеден асады.

Осыған байланысты полиция азаматтарға сақ болуды ескертеді. Бөгде адамдарға жеке телефон мен жеке деректерді бермеуге, сондай-ақ күмән тудыратын кез келген жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру