Оралда жасөспірімдердің телефонын қолды еткен азамат құрықталды
Оралда жасөспірімдердің телефонын қолды еткен азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Орал қалалық полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 14 жастағы жасөспірімнің IPhone 11 телефонын тонаған күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Жасөспірім сағат 16:10-да қаладағы Қонаев көшесімен ағылшын тілінен қосымша сабақтан келе жатқан бойда белгісіз ер адам тоқтатып, қолындағы телефонын сұрайды. Ешнәрседен күдігі жоқ жас бала телефонын бере салады, ал ер адам телефонды алып, қаша жөнеледі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде аталған істі жасады деген күдікпен «ізін суытпай» 28 жастағы Орал қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Сондай-ақ тексеру кезінде 20 қараша күні қаладағы Сити-центр сауда үйінде осыған ұқсас жағдаймен кәмелетке толмаған 2007жылы туған студенттің Редми-10 телефонын қолды еткені белгілі болды. Алайда бұл жағдайда жәбірленуші полиция қызметкеріне 22 қараша күні ғана хабарласқан.
Қазіргі уақытта күдікті Орал қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.