Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда жол ережесін 44 рет бұзған жүргізуші анықталды

Оралда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оралда патрульдік полиция батальоны республикалық "Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар жүргізді.

“Қорғау” жүйесі арқылы тексеру барысында басқа мемлекетте тіркелген Toyota Land Cruiser автокөлігі тоқтатылып, оны шетел азаматы басқарғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін 44 рет бұзғанын анықтады.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, көлік құралы арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция азаматтарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру