Оралдық кәсіпкерді өлтірген күдіктілер 2 айға қамауға алынды
Оралда кәсіпкерді өлтірген қылмыскерлерге қатысты екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктілер Қожантаев пен Амангелді тергеу кезінде қамауға алынды. Олар 6 тамызда Орал қалалық саябағында пышақ жарақатынан қайтыс болған 47 жастағы Еркін Мұханғалиевтің өліміне қатысты күдікке ілінген болатын.