Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасы полицейлері тоқтап тұру қағидасын бұзған екі жүргізушіні жауапқа тартты

Ордабасы полицейлері тоқтап тұру қағидасын бұзған екі жүргізушіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Ордабасы полицейлерімен үнемі рейдтік-профилактикалық іс-шаралар атқарылып келеді. Осындай кезекті тексеру кезінде полицейлер екі бірдей автокөліктің тоқтап тұру қағидасын бұзғанын анықтады.
Ваз-2111 маркалы көлік жүргізушісі автокөлігін жолдың бойына қойып, басқа да көліктерге кедергі жасаған және де Opel Vectra маркалы автокөлігі де тоқтап тұруға рұқсат етілмеген жерге тоқтаған. Бұл құқық бұзушылық бейнежазбаға түсірілген.
Осы заң бұзушылықты жасаған жүргізушілерді анықтау үшін тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Тексеру барысында жүргізушілердің бірі жергілікті тұрғын, енді бірі Қызылорда облысының тұрғыны екені белгілі болды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама түзілді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру