Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасы полицейлері жаяу жүргіншіден марихуана тәркіледі

Ордабасы полицейлері жаяу жүргіншіден марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция бөлімі ЖПҚ учаскелік полиция инпекторлары «Учаске» іс-шарасы барысында Ақбұлақ ауылының орталық көшелерінің бірінде күдік тудырған жаяу жүргіншіні тоқтатады. Содан ордабасылық полицейлер тексеру барысында орта жастағы азаматтың оң жақ қалтасынан ақ түсті қағазға оралған хош иісті заттың бары анықталды.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі шамамен 6 грамға жуық «марихуана» болып шықты.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру