Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасыда ішкі істер органы ардагерлерінің арасында волейболдан турнир өтті

Ордабасыда ішкі істер органы ардагерлерінің арасында волейболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданының орталық стадионында ішкі істер органында 36 жыл қызмет атқарып, қаза болған полиция подполковнигі Жәнібек Рахиевті еске алуға ішкі істер органдары ардагерлерінің арасында волейболдан турнир болып өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына Ордабасы АПБ басшылығы мен жеке құрамы, Түркістан облысы Ұлттық ұлан және ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, Ордабасы аудандық ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Сыздықов, ішкі істер органдарының ардагерлері келді.

Жарысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты – жас ұрпақты спортқа бейімдеу, ардагерлер арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау болып табылады. Жарысқа ІІО бес команда қатысты.

Жарыстың нәтижесінде жалпы командалық есепте І-орын Түркістан облысы ПД ардагерлер командасы, ІІ-орын Ордабасы АПБ ардагерлері, ал ІІІ-орынды Ордабасы АПБ командасы жеңіп алды. Жарысты ұйымдастырушылар жеңімпаздарға кубоктар, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыстап, ардагерлерге зор денсаулық пен толағай табыстар тіледі.

Жалпы Жәнібек Рахиевтің өміріне тоқтала кетсек. Ол 1924 жылы 10 мамырда Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округі, Боралдай ауылында туылған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1949 жылы елге аман-есен оралды. Ішкі істер органының түрлі саласында 1951-1968 жылдар аралығында қызмет еткен. 1968-1977 жылдары аралығында Ордабасы аудандық полиция бөліміне басшылық жасаған. 1974-1976 жылдары Ордабасы АПБ-ның ең алғашқы жаңа ғимаратын салуға атсалысқан. 1977 жылы қазан айында құрметті зейнеткерлікке шыққан. Содан 1989 жылы 20 желтоқсанда дүниеден өтті. 2013 жылы Ордабасы АПБ-ның ғимаратына Ж. Рахиевтің құрметіне мемориалды тақта орнатылды. Темірлан ауылында бір көше Рахиев Жәнібектің есімімен аталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру