Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өрт сөндірушілер 55 адамды эвакуациялады

Қостанай облысында демалыс күндері өрт сөндірушілер 55 адамды эвакуациялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өрт адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан, өртке ұқыпсыз қарауына байланысты пайда болады.

25 мамыр 00 сағат 32 минут шамасында «112» қызметіне Қостанай қаласы Абай  көшесінде 9 қабатты тұрғын үйдің 6-қабатында 0,3 шаршы метр қоқыс жәшігінде қоқыс төгіліп, өрт
шыққаны жайлы хабарлама келіп түсті.

Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен баспалдақтан 55 адам эвакуацияланды, олардың 10-ы балалар. Өрт үш бірлік техника мен тоғыз өрт сөндіруші қызметкерлері арқасында 02 сағат 02 минутта жойылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі – өртті абайсыз пайдалану.

Өрт сөндіру мамандары тұрғындарға өрт сөндірушілердің ұсыныстарын елемеуге болмайтынын ескерте отырып, барлық тұрғындарды тілсіз жаудан өте абай болуға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру