Өрттен ер адамды құтқарды
Қостанай облысында өрт сөндірушілер ер адамның өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ басшысы М. С. Жүсіповтың атына тұрғын Н. А. Рейфшнейдерден алғыс хат келіп түсті. Ол Қостанай ауданы Затобол к.10-ӨСБ өрт сөндірушілеріне жұбайын құтқарғаны үшін алғыс айтты.
«Сізден Қостанай ауданы Затабол кенті №10 өрт сөндіру бөлімінің №1 қарауыл жеке құрамына олардың жеделдігі, үйлесімділігі, өрт сөндіру және осы уақытта шарасыз күйде болған күйеуімді құтқару кезіндегі жедел әрекеттері үшін алғыс білдіруіңізді сұраймын.
Оларда өте қиын және қауіпті жұмыс, сондықтан сізден олардың жұмысын қараусызқалдырмауыңызды сұраймын!»
Естеріңізге сала кетейік, 19 сәуірде жексенбіде түнде басталған өрт Қостанай облысы Владимировка ауылында қайғылы жағдайға алып келе жаздады. Төтенше жағдай жөнінде хабар өрт сөндірушілерге 3 сағат 36 минутта келіп жетті, Октябрьская 110 көшесіндегі жеке тұрғын үй өртенді.
Санаулы минуттан кейін оқиға орнына жеті өрт сөндіруші және екі бірлік техника келді. Белгілі болғандай, үйі ашық жалынға оранған.
Құтқарушылар түтін шатырынан өтіп, тұрғын үй құрылысына жақын маңда эпилепсия ұстамасы бар адамды тапты. Олар ер адамды таза ауаға шығарды, кейін анықталғандай, ол жанып жатқан үйдің иесі болған және дәрігерлер келгенге дейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Сағат 05: 42-де өрт сөндірілді, ал сағат 06:30-да толықтай жойылды. Өрттің жалпы аумағы 60 ш. м. құрады.