Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өсімдік тектес есірткі құралдарының ірі партиясы тасымалданған автокөлік тоқтатылды

Ақтөбе облысы аумағында 1 маусымнан 30 қазанға дейін құрамында есірткі бар өсімдіктердің егістерін заңсыз өсірудің, есірткі таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюдың жолын кесуге бағытталған “Қарасора-2020” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 тамыз сағат 10.21-де “Қарасора 2020” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полицейлер өсімдік тектес есірткі құралдарының ірі партиясы тасымалданған автокөлікті ұстады.

– Полицияға Ақтөбе облысының тұрғындары автокөлікпен есірткі заттарын тасымалдайтыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел іс-шараны жүзеге асыру барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері “Самара-Шымкент” тас жолының 842 шақырымында “Дастархан” кемпингінің жанында Байғанин ауданы тұрғынының басқаруындағы “Лада Х-рей” автокөлігін тоқтатты. Автокөлік салонында екі жолаушы болған.
“Бона” қызметтік-іздестіру итімен көлік құралын санкцияланбаған тінту кезінде автокөліктің салонында өсімдік тектес, жасыл түсті, өзіне тән иісі бар, шамамен бес келідей есірткі заты табылды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Хромтау аудандық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жолаушыларға қатысты бұлтартпау шарасы-ешқайда кетпеу туралы қолхат таңдалды, – деп түсіндірді облыстық ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы “Есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақтөбе облысының ПД қызметкерлері “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 75 құқықбұзушылықты анықтады, оның ішінде бір факті притонды ұстау, төрт өткізу, жеті өсіру және екі сақтау фактісі және 61 қылмыстық теріс қылық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру