Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен аспанында «Есірткіге жол жоқ» ұраны жазылған әуе шары қалықтады

Өскемен аспанында «Есірткіге жол жоқ» ұраны жазылған әуе шары қалықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан полицейлері Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнінде Өскемен тұрғындарына есірткі құрдымға апарар жол екенін түсіндіру мақсатында ерекше акция өткізді.

Бағдарлама тек аспанда ғана емес, жерде де жүргізіліп, полиция қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын парақшалар мен жадынамалар таратты. Тәртіп сақшылары нашақорлық пен есірткі тарату қазіргі қоғамның мәселелерінің бірі және ұлт денсаулығына қауіп төндіретінін атап өтті.

– Жастардың есірткі сатушылардың оңай нысанасына айналуына себеп болатын көптеген мысал бар, олар ғаламдық желінің көмегімен «оңай табыс» туралы ұсыныстар жібереді, салдарынан бұл есірткі қойып кетушісінің жұмысы болып шығады. Адамдар 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білмей, бұл схемаларға араласады, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

Жыл басынан бері құқық қорғау органдары 19 есірткі қойып кетушіні ұстады, оның 8-і – 25 жасқа дейінгі жастар. ШҚО полициясы 60 келіден астам есірткі заттарын таратуға жол бермеді. Сонымен қатар өткен айда есірткі зертханасының жолы кесілді, онда тәркіленген прекурсорлармен шамамен 100 келі синтетикалық есірткі өндіру мүмкіндігі болды.

– Күш-жігерді біріктіру арқылы біз салауатты өмір салтын жалғастыра аламыз. Сіздерді спортпен шұғылдануға, дамуға, алға мақсат қойып, жаңа белестерді бағындыруға шақырамын», – деп толықтырды өңірдің бас полицейі.

«Есірткіге жол жоқ» деген ұран жазылған 30 метрлік әуе шары таңертең облыс орталығының аспанында 2 сағаттан астам қалықтап, жұмысқа бара жатқан, өзен бойымен серуендеп жүрген қала тұрғындарының назарын аударды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру