Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен полицейлері жоғалған 2 жасар баланы іздеп тапты

Өкемен полицейлері жоғалған 2 жасар баланы жарты сағат ішінде іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында жоғалған 2 жасар бала 30 минут ішінде табылды.

28 тамызда Өскемен қалалық ПБ Солжағалау полиция бөлімінің «102» арнасына кәмелетке толмаған ұлының жоғалғаны туралы қала тұрғыны өтінішпен жүгінген. Әйел адам екі жасар баласының үйдің ауласында ойнап жүріп, жоғалып кеткенін айтқан.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері іс-қимыл жоспарын құрып, іздеуге кірісті. Баланы іздеуге полиция бөлімінің саптық және жедел бөлімшелерінің: патрульдік, учаскелік инспекторлардың, криминалдық және ювеналды полиция қызметкерлерінің күштері барынша жұмылдырылды. Полиция тұрғын үйлердің аулаларын, ойын алаңдарын, сондай-ақ бала баруы мүмкін дүкендерді қарап шықты. 30 минуттық іздеу шараларынан кейін радиоэфирде қуанышты жаңалық естілді: «Бала табылды, бәрі жақсы!».

– Жоғалған бала өз ауласынан қашық жерде табылды. Ол абдырап қалған, шамасы, туыстарын немесе үйін табуға тырысқан, бірақ жыламады, өзін жақсы ұстады. Ең бастысы аман-есен табылды және қазір отбасымен бірге, – деді жедел уәкіл Бауыржан Долдаханов.

Қуанышқа кенелген ата-ана аз уақыттың ішінде ұлын тауып берген полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыстарын білдірді. Полицейлер балаларды қараусыз қалдырмауды және мұқият болуды сұрайды. Қараусыз қалған бала кез келген уақытта қиын жағдайға душар болуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, егер сіздің жақын адамыңыз жоғалып кетсе, онда болған оқиға туралы «102» нөміріне қоңырау шалып, дереу полицияға хабарлау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру