Өскемен тұрғыны жабайы қабан атқан
Заңсыз аңшылықпен айналысып жүрген Өскемен тұрғыны құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының соңында Алтай аудандық полиция бөліміне Ермаковка ауылының маңында қарда жүретін көлікпен адамдар тобы жүргенін көрген жергілікті тұрғынның хабарламасы келіп түсті. Тұрғынның пайымдауынша, бұл ауданда адамдардың заңсыз аңшылықпен айналысуы мүмкін.
Хабарлама бойынша келген полицейлер оқиға орнынан жабайы қабанның еті мен тұяқтарын, сондай-ақ, 7,65 калибрлі «Сайга» карабині мен 14 дана патронды тапты. Бұдан басқа оқиға орнынан Өскемен қаласының 42 жастағы тұрғыны жеткізілді, ол өз кінәсін мойындады.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.