Өскеменде 150-ден астам ата-ана полициямен балалардың интернеттегі қауіпсіздігін талқылады
"Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында ШҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласындағы мектептердің бірінде өткен ата-аналар жиналысына қатысты. Полициямен өткен диалогқа 150-ден астам ата-ана қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесудің негізгі тақырыбы – балалар мен жасөспірімдерді интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерден қорғау болды.
Полицейлер кибералаяқтық мәселелеріне толық тоқталып, кәмелетке толмағандарды алдаудың ең көп таралған схемалары, соның ішінде жасөспірімдерді дропперлік қызметке тарту туралы айтып берді, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада қарастырылған жауапкершілік шараларын түсіндірді. Кибербуллинг мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді.

Кездесуді қорытындылай келе, полиция қызметкерлері тек отбасының, мектептің және полицейлердің бірлескен күш-жігері ғана құқық бұзушылықтың алдын алуға және өскелең ұрпақтың интернет желісінде жауапты әрі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
