Өскеменде 34 жастағы тұрғын бөтен адамның жеке деректерін пайдаланып, несие рәсімдеді
Өскеменде 34 жастағы тұрғын бөтен адамның жеке деректерін пайдаланып, несие рәсімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында Өскемен қ. Полиция басқармасы Солжағалау ПБ «102» жедел арнасына 52 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 15 тамызда белгісіз біреу ғаламтор желісі арқылы оның жеке деректерін пайдалана отырып мобильді қосымша арқылы, 192 мың теңге мөлшерінде онлайн несие ресімдегені жайлы арызымен жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 34 жастағы күдіктіден жауап алу барысында ол кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.