Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде 5 жасар Аялым ҚАЖД қызметкерлерімен бірге Мемлекеттік әнұранды шырқады

Өскеменде 5 жасар Аялым ҚАЖД қызметкерлерімен бірге Мемлекеттік әнұранды шырқады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні еліміздің әр өңірінде ерекше салтанатпен атап өтілуде. Бұл күн Шығыс Қазақстан облысында да шынайы патриотизм мен бірлік рухын сезінуге мүмкіндік берді. Өскеменде қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерідепартамент бастығы Нұрбек Кабдикәрімовтің басшылығымен Тәуелсіздік монументі алдына жиналып, Мемлекеттік Әнұранды біріге орындады.

Салтанатты сәттің шарықтау шегі — 5 жасар Аялым есімді бүлдіршіннің тосыннан әнұранға қосылуы болды. Ол сап түзеген тәртіп сақшыларының қатарына жақындап, кішкентай болса да үлкен жүрекпен құрмет көрсетіп, әнұранды бірге шырқады. Оның шынайылығы мен батылдығы шараға қатысушылардың бәрін тебірентпей қоймады.

Кішкентай Аялым болашақта әпкесі секілді тәртіп сақшысы болуды армандайтынын айтып, форма киюді мақтаныш санайтынын жеткізді. Оның бұл әрекеті — нағыз отансүйгіштіктің, мемлекеттік рәміздерге деген терең құрметтің айғағы болды.

Бұл оқиға жас ұрпақтың бойында патриотизм сезімі ерте қалыптасатынын және ол сезімнің жүрекпен келетінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қазақстанның әрбір азаматы үшін бұл мереке — ұлттық бірліктің, елдік рухтың және мәңгілік Тәуелсіздіктің нышаны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру