Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде адам тонаған азамат анықталды

Өскемен тұрғыны күш қолданып, жәбірленушінің күзен терісінен тігілген бас киімі мен екі ұялы телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласының ПБ Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 40 жастағы қала тұрғыны түнгі уақытта дүкендердің бірінің жанында белгісіз ер адамның күш қолданып, оның күзен терісінен тігілген бас киімін және екі ұялы телефонын тартып алғаны туралы хабарлады. Күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушіге 200 000 теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Криминалдық полиция қызметкерлері патрульдік полиция жасағымен бірге Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен осы қылмысты жасауға қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы ер адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігімен  (Тонау) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру