Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде байкерлер есірткімен қарсы күреске атсалысты

Өскеменде байкерлер есірткімен қарсы күреске атсалысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Өскемен байкерлері есірткіге қарсы“ осындай ұранмен темір тұлпарлардың мотоколоннасы облыс орталығының басты көшелерімен жүріп өтті. Нашақорлық мәселесі ешқашан өзектілігін жоғалтпаған және бұл зиянды тәуелділікке қарсы күнделікті және тұрақты жұмыс жүргізу қажет.

Әлеуметтік зұлымдыққа қарсы күреске Өскемен байкерлері де атсалысты. Олар қала тұрғындарына есірткінің зияны туралы, ақ усыз өмір сүрудің әлдеқайда қызықты, көңілді екенін айтып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

– Егер кімде-кім есірткіні бір рет қолданып көргеннен кейін оны жеңіп, тастай аламын деп ойласа, қатты қателеседі! Ал , егер кім болмасын бір рет есірткі орамын тығып, кейіннен ақша табамын және бұл туралы ешкім білмей қалады, ұсталмаймын деп ойласа, тағы да қателеседі! Сондықтан өз өміріңізді ойыншыққа айналдыру қажет пе, жоқ па деп ойланған жөн. Әркімнің дұрыс таңдау жасауға хақысы бар және бұл таңдау – тәуелсіз Қазақстанда қандай да бір тәуелділіксіз өмір сүру, – деді ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ринат Икласов.

Айта кетейік, шығыстың байкерлер қауымдастығы мұндай іс-шараларға алғаш рет қатысып отырған жоқ және өз іс-әрекеттерімен бос уақытыңызды өзіңізге және айналаңыздағыларға, сүйікті ісіңізге тиімді жұмсау керектігін көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру