Өскеменде бұрын жүргізуші құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Өскеменде бұрын жүргізуші құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласының көшелерін патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 36 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны тізгіндеген шетелдік көлікті тоқтатқан. Жүргізушіні тексеру барысында полицейлер одан алкогольдің өткір иісі шығып тұрғанын байқаған.
Тәртіп сақшылары әйелді медициналық тексеруге жіберіп, нәтижесінде оның орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Құжаттарын тексеру барысында әйелдің 2021 жылы Ақтөбе қаласының әкімшілік сотының қаулысымен 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицейлер жол жүрісі қағидаларын сақтаудың маңыздылығын еске салады! Көлікті мас күйінде жүргізу заңды бұзу ғана емес, сонымен қатар барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Көлікті жауапкершілікпен жүргізіңіз және өзіңізге де басқаларға да қауіп төндірмеңіз!