Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде "Есірткіге жол жоқ!" ұранымен өткен марафонға 2 мыңнан астам адам қатысты

Өскеменде "Есірткіге жол жоқ!" ұранымен өткен марафонға 2 мыңнан астам адам қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласында кең ауқымды KAZ Minerals Half Marathon Oskemen спорттық шарасы өтті. Жарысқа 2000-нан астам қала тұрғыны мен қонақтары қатысып, орталық көшелер мен көркем жағалау бойымен 21.1 км, 10 км және 5 км қашықтықтарда өз бақтарын сынады.

Марафон аясында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті тарапынан есірткіге қарсы профилактикалық акция ұйымдастырылды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысушылар мен көрермендерге ақпараттық парақшалар таратып, "Есірткіге жол жоқ" деген жазуы бар футболкалар мен бас киімдер сыйға тартты.

Сонымен қатар киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар цифрлық қауіпсіздік ережелері мен алаяқтардың жиі қолданатын әдіс-тәсілдері туралы кеңес берді.

5 шақырымдық жарыс жеңімпаздары полиция департаменті атынан марапатталып, мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. ЕҚҚІҚБ басқармасының бастығы Даулет Жұмаділов қатысушыларды құттықтап, мұндай шаралардың жастар арасында есірткіге қарсы үгіт-насихаттың пәрменді құралы екенін атап өтті.

Құқық қорғау органдары өкілдері марафон салауатты өмір салтын насихаттау мен зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған маңызды іс-шара екенін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру