Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде көлікті мас күйінде жүргізген бойжеткен тоқтатылды

Өскемен қаласының полицейлері көлікті мас күйде жүргізген бойжеткенді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығы көшелерінің бірінде полицейлер мас күйде көлік тізгіндеген 25 жастағы бойжеткеннің басқаруындағы “Honda” автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде ол өткен жылы сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері көлікті арнайы автотұраққа қойды. Қазіргі уақытта осы факті  бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері шығысқазақстандық полицейлер облыс жолдарында 600-ден астам мас жүргізушіні анықтаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру