Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде колонияға тыйым салынған заттарды өткізу әрекетіне тосқауыл қойылды

Өскеменде колонияға тыйым салынған заттарды өткізу әрекетіне тосқауыл қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №17 мекемесінің қарау бөлмесінде режим бөлімі қызметкерлері кезекші бақылаушымен бірлесіп, 25 жастағы азаматқа жеке тінту жүргізді. Жас жігіт өз нағашысына қысқа мерзімді кездесуге тыйым салынған заттармен келген.

Тінту барысында азаматтан ақша мен телефон аксессуарлары табылып, тәркіленді. 24 жастағы азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұл оқиға режим бөлімі қызметкерлері мен бақылаушылардың мекеме аумағында қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етудегі маңыздылығын тағы бір дәлелдеді.

– Тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттері үнемі тоқтатылып отырады, мекеме қызметкерлері әрдайым қызметте қырағы, – деп атап өтті №17 мекеме қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру