Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде күдікті тұрғынға несие рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен

Өскеменде күдікті тұрғынға несие рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны өткен жылдың желтоқсан айында алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арызбен жүгінген.

Оның айтуынша, бейтаныс әйел пәтерге ипотекалық несие рәсімдеуге көмектесемін деген сылтаумен 490 мың теңге сомасында ақшасын иемденіп алған. Жәбірленуші аталған соманы алаяқтың банк шотына аударған, алайда уәде етілген көмек те, ақша да қайтарылмаған.

Аталған факті бойынша “Алаяқтық” бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады: қандай жағдай болмасын, бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыздар, қаржылық мәселелер бойынша көмек ұсынатын тұлғалардың лицензиялары мен құжаттарын мұқият тексеріңіздер, күмәнді жағдайларда полицияға немесе қаржы ұйымдарына хабарласуын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру