Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде массаж салонының қызметкерлері клиенттерге интимдік қызметтер көрсеткен  

Шығыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлері тұтынушыларына интимдік қызметтер ұсынумен айналысқан массаж салонын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығының аумағында орналасқан массаж салондарының бірінде жеңгетайлық фактісін анықтады. Аталған массаж салонында қыздар клиенттерге қосымша ақы үшін интимдік қызметтер көрсеткен, атап айтқанда «Body» массаж жасаған.

– Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері Өскемен қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстады, ол осы массаж салонының директоры ретінде клиенттерге жағдай жасай отырып, ақшалай сыйақы үшін интимдік қызметтер көрсетуді ұйымдастырған, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру