Өскеменде Отан алдындағы борышын өтеуге келген қыздар ант қабылдады
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әскери бөліміндегі ант қабылдау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отан алдындағы борышын атқаруға келген үш нәзік жанды қару асынып ант қабылдады. Олардың бірі – қатардағы қатардағы Әмина Айтмұкашева.
Ол тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің психологі қызметін атқармақ.
– Бүгін мен үшін ерекше күн. Оттан ыстық Отанымды қорғауда тайынбай қызмет етуге әзірмін. Кешегі Әлия, Мәншүк сынды батыр қыздардың ерлікке толы даңғыл жолдары бізге үлгі. Сондықтан ендігі уақытта Отан алдындағы борышымды адал атқаруға барымды салмақпын, – дейді қатардағы жауынгер Әмина Айтмұкашева.
Салтанатты шараға Ұлттық Ұлан өңірлік қолбасшылығының әскерилері мен ардагерлері қатысты. Олар жастарға ізгі тілектерін жолдады.
Әрбір ант қабылдаушы өзіне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен сезінгені анық. Өйткені, салтанатты рәсім әскерилер үшін ерекше жоралғы саналып, қатардағы жауынгерлер бойындағы патриотизмді арттырып, Ұлттық ұлан қатарында адал қызмет атқару тәрізді қасиеттерге тәрбиелейді.
Айта кетейік, үш жүзге жуық әскери қызметші қызмет атқаратын әскери бөлім мемлекеттік маңызды мекемелерді күзетеді.