Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде полицейлер 4 жасар баланың арманын орындады

Өскеменде полицейлер төрт жасар баланың арманын орындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскеменде патрульдік полиция кішкентай Аланның тілегін орындады. Алан жасына қарамастан өзінің болашақ мамандығын таңдап қойған. Ол патрульдік полиция инспекторы болуды армандайды. Сәбидің анасы өтіп бара жатқан полицейлерге ерекше өтініш жасаған.

– Алан полицияның көліктерін өте қатты жақсы көреді. Егер оны полиция қызметкерлері туған күнімен құттықтаса, ол қатта қуанады, – деді Аланның анасы.

Тәртіп сақшылары мұндай ұсынысты күтпеген болса да, бірден қуана келісті. Аланды туған күнімен құттықтау үшін тәртіп сақшылары патрульдік полицияның қызметтік көлігінің жарқылдағышын қосып, сәби тұратын Потанин көшесіндегі үйдің ауласына келген. Полиция қызметкерлері Шахмұрат Ержанов пен Мират Жашенов Аланды туған күнімен құттықтап, ойыншық полиция көлігін сыйға тартты.

Аланның қуанышында шек болмады. Жұмыс уақытының тығыздығына қарамастан, өтінішін орындап, баланың көңілін аулап, уақыт бөлгені үшін оның анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, Полиция департаментінің аккаунтына алғысын жазды.

​- Борт нөмірі 124 патрульдік көліктің қызметкерлері, ұлымның туған күнінде керемет, жағымды көңіл-күй сыйлағандарыңыз үшін сіздерге рақмет айтамын, – деді баланың анасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру