Өскеменде полицейлер есірткіге қарсы ауқымды акция өткізді
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен есірткіге қарсы ауқымды акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары «Аманат» партиясының өкілдерімен және белсенді студенттермен бірге Өскеменде есірткіге жол жоқ екенін еске салу үшін қала көшелеріне шықты. Полицейлер мен белсенділер қала тұрғындарымен әңгімелесіп, тыйым салынған заттардың өмір мен денсаулықты қалай бұзатыны, қайғылы жағдайға әкеп соғатыны туралы айтты.
Акция барысында тұрғындарға жадынамалар таратылды, ал есірткіге қарсы аббревиатурасы бар символдық шоколадтар әрбір азаматтың дұрыс таңдау жасай алатынын еске салды. Белсенділер тыйым салынған жарнамалар туралы граффити сурет салды.
Сонымен қатар аталған акцияны өткізу барысында «Шығыс ұландары» атты жаңа есірткіге қарсы студенттер қоғамдастығы құрылуда. Бұл топ қаланың оқу орындарында нашақорлықтың алдын алуға арналған іс-шараларға атсалысады және жастар арасында салауатты ортаны дамытуды қолдайды. Достарына дұрыс жол таңдауға көмектесуге дайын студенттер көпшілікті жаман әдеттерден бас тартуға шабыттандырады.
Полицейлер барлық тұрғынды осы шараға қосылуға, есірткіге қарсы бастаманы қолдауға және болашақ ұрпақ үшін қаланы қауіпсіз етуге шақырады.