Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде полицейлер қыз баланы құтқарып қалды

Өскеменде полицейлер қыз баланы құтқарып қалды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

8 маусым күні Өскемен қаласында патрульдік полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз өміріне қауіп төндірген қызды құтқарып қалды.

“102” арнасына белгісіз қыз қоңырау шалып, Славский жағалауы тұсынан Ертіс өзеніне секіретінін хабарлаған. Оқиға орнына дереу қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының экипажы — аға лейтенанттар Ерғанат Жақыпов пен Қуаныш Бөксенов жіберілді.

Полицейлер келген сәтте қыз суға түсіп үлгерген. Қызметкерлер жедел және үйлесімді әрекеттің нәтижесінде оны дереу судан шығарып, жағаға көтеріп алған. Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

Аталған жағдай бойынша тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ешбір мәселе адам өмірінен қымбат емес. Сіз жалғыз емессіз, полиция көмек көрсетуге әрқашан дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру