Өскеменде қарсы жолаққа шыққан екі жүргізуші анықталды
Өскеменде қарсы жолаққа шыққан екі жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп бұзушылар облыс орталығының полицейлер қаланы патрульдеу барысында анықталды.
Айта кетсек, мұндай маневр үшін жүргізуші 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Мысалы өткен аптада ғана 18 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атап айтсақ, Өскемен қаласындағы Виноградов – Серікбаев көшелерінің бойындағы бейнебақылаудың көмегімен 41 жастағы жүргізушінің басқаруындағы CHEVROLET автокөлігі анықталды, ол қарсы қозғалысқа арналған сол жақ жолаққа шығып, сол арқылы жүріп өтіп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуға жол берген.
Тағы бір 35 жастағы ВАЗ-21703 автокөлігінің жүргізушісі, Шәкәрім даңғылы – Протозанов көшесінің қиылысында ұқсас құқық бұзушылық жасаған.
Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Қазіргі уақытта олар сот шешімін күтіп жатыр.