Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды кіргізбек болған

Өскеменде тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды кіргізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласындағы тергеу изоляторында сәлемдемелерді қабылдау бөлмесінде ерекше сақтық танытқан мекеме қызметкерлері шай қорабы мен газдалған сусыннан тыйым салынған заттарды анықтап, тәркіледі.

ШҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №73 мекемесіне алкоголь мен смартфон кіргізуге тырысқан азаматтардың бұл әрекеті дер кезінде тоқтатылды. Шай қорабының салмағы күдік тудырып, мұқият тексеру барысында оның ішіне жасырылған смартфон табылды.

Ал тағы бір келуші тергеуде жатқан жақынына газдалған сусын түрінде алкоголь жеткізбек болған. Бөтелкенің ішінен өткір иісті сұйықтық анықталып, ол сараптамаға жіберілді.

Сонымен қатар ең жоғары қауіпсіздік колониясының аумағында тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған тағы бір азамат ұсталды. Қолға түскен төрт орам скотчпен мұқият оралған болып шықты. Оларды ашқан кезде құрамында есірткі бар көкнәр мен тропикамид табылды. Тексеру барысында ер адам бұл заттарды бұрынғы танысына жеткізбек болғанын мойындады.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес хаттамалар толтырылып, бұзушылар жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру