Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде ұландықтар адасқан баланы анасына табыстады

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері 13 наурызда Өскемен қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде қырағылық танытты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

5518 әскери бөлімінің әскери жасағы спорт сарайының маңында қызмет атқару кезінде көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген жасөспірімді байқады.

Анықталғандай, бала үйіне баратын жолды таба алмай, патрульдеушілерге адасып қалғанын айтқан. Ұландықтар жедел түрде қажетті шараларды қабылдап, жасөспірімнің жеке басын және тұрғылықты мекенжайын анықтады. Кейін оны үйіне жеткізді.

Ұлымен қайта қауышқан анасы осы уақытта құқық қорғау органдарынан көмек сұрауға дайындалып жатқанын айтты.

— Мен жоғалып кеткен ұлымды барлық жерден іздедім. Не істерімді білмей отырған сәтте Ұлттық ұланның әскери қызметшілері есігімді қағып, баламды үйге алып келді. Қаламыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жандарға шын жүректен алғыс айтамын, — деді жасөспірімнің анасы.

Ал жасөспірімнің айтуынша, қала көшелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұлан әскери қызметшілері ол үшін тек қорғаушылар ғана емес, қиын сәтте көмекке келетін құтқарушылар екенін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру