Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемендік тұрғын зейнеткерді млн теңгеге сан соқтырды

Өскемендік тұрғын зейнеткерді млн теңгеге сан соқтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының ортасында Өскемен қалалық ПБ Солжағалау ПБ «102» жедел арнасына алаяқтық әрекеттен зардап шеккен 63 жастағы зейнеткердің өтініші келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетемін деген сылтаумен оның 1 млн теңге ақшасын иемденіп алған.

Осы алаяқтық әрекетіне қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының 63 жастағы тұрғыны анықталды. Тексеру кезінде күдікті полиция бөлімінде есепте тұрғаны мәлім болды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады.

Қаскөйге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, осы баптың санкциясымен 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру