Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемендік тұрғынға белгіленбеген жерде намазхана ашқаны үшін айыппұл салынды

Өскемендік тұрғынға белгіленбеген жерде намазхана ашқаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны қаланың ойын-сауық орталықтарының бірінде тиісті құзыретті органдардың рұқсатынсыз намаз оқитын үй-жай ашып, діни рәсімдер өткізгенін анықтады.

Намазхана меншік иелеріне де, мекемеге келушілерге де арналған. Ер адамның айтуынша, ол аталған бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы білмеген.

Қазіргі уақытта ер адам белгіленбеген жерлерде діни жораларды, рәсімдер мен жиналыстарды өткізу үшін ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігімен (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған соттың шешімімен 130 мың теңге сомасында айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру