Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Отбасылық қарым-қатынастар саласында құқық бұзған 4165 адам анықталды

Павлодар облысының полицейлері 2020 жылы 4165 отбасылық жанжалқойды әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Барлық бақытты отбасылар бір-біріне ұқсас, әрбір бақытсыз отбасы өзінше бақытсыз.

Отбасы-қуаныш пен қайғыны бірге бөлісіп, адамдардың бір-біріне тірек болуының тұғыры мен негізі. Бірақ барлық отбасыларда тыныштық пен түсіністік бола бермейді. Өткен демалыс күндері кейбір отбасылар үшін жанжалдасумен өтті.

Мәселен, 2021 жылғы 8 қаңтар күні сағат 17.20-да Екібастұз қаласында 46 жастағы өгей әке жанжал шығарып, өгей қызына балағат сөздер айтып, пәтерден шығарып жіберген. Жанжалдың себебі жұбайының оның қоңырауларына жауап бермеуі болып табылады. Аталған факт бойынша құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен  (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) жауапкершілікке тартылды, материал сотқа жіберілді. 

Бұдан басқа 2021 жылғы 9 қаңтар күні сағат 20.47-де Павлодар қаласының полиция қызметкерлеріне мас тұрғынның үйінде жанжал шығарып, балағат сөздер айтып жатқаны туралы қоңырау түсті. Отбасы мүшелері 55 жастағы азаматты балконға қамауға мәжбүр болған. Шақыруға келген тәртіп сақшылары ер адамды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына (медициналық айықтырғыш) жеткізді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  және 440-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

-Айта кету керек, полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және анықтауға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді. Тұрмыста құқыққа қайшы әрекеттер жасауға бейім, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдардың, қолайсыз отбасылардың, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүйелі жүзеге асырылады, – деді Ғалым Сарғұлов.

Облыста 2020 жылы 4165 адам отбасылық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру