«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»
Ақтөбе облысы аумағында 15-18 маусым аралығында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін жұртшылыққа тарта отырып, «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту.
Өткізілетін акция туралы ақпараттары бар буклеттерді адамдар жаппай жиналатын орындарда, сауда нүктелерінде, демалыс саябақтарында, орталық алаңдарда т.б. жарнамалап, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Егер сіз тұрмыстық зорлық – зомбылықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, мына нөмірлерге хабарласа аласыз: полиция «102» немесе «150» Ұлттық жедел желісіне, сондай-ақ Ақтөбе облысының ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының телефондарына: 729-721, әйелдерді қолдау орталығы: 55-16-55, «Малика» дағдарыс орталығы – 8-707-986-3460; тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы: 8-705-835-1230 және «Ана үйі» дағдарыс орталығы.