Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Отбасында зорлыққа жол жоқ!»: Қостанайда 11 әйелге көмек көрсетілді

Қостанайда «Отбасында зорлыққа жол жоқ!» акция барысында 11 әйелге көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының зорлық-зомбылықтан әйелдерді қорғау тобының бастамасы бойынша «Отбасында зорлыққа жол жоқ!» республикалық акциясы аясында азаматтардың қабылдауы өткен Қостанай және Әулиекөл аудандарына шығулар ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шаралар «Жыныстық және репродуктивтік денсаулық бойынша қазақстан ассоциациясы» баспанасы, «Отбасы HELP» БҚ, Қостанай облысының әйелдер күші альянсы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қабылдау барысында өмірдің қиын жағдайындағы әйелдердің төрт арызы түсті. Ұйым өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заңды түрде көмек көрсетті. Негізінен сұрақтардың көбі некені бұзу, Дағдарыс орталықтарында тұру жағдайлары және ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің көмек көрсету шаралары туралы болды.

Облыстық ПД ЖПҚБ ӘЗҚТ аға инспекторы Жұлдыз Кабенованың сөзінше, аталмыш акция барысында облыс бойынша барлығы көмек көрсету мәселесі жөнінде 11 әйел жүгінген. Барлығына біліктілік көмек және қолдау көрсетілді. Акция 2021 жылдың 30 маусымында аяқталады.

Сондай-ақ өмірдің қиын жағдайына түскен әйелдер мына нөмірлер бойынша көмекке жүгіне алады: 8 (7142) 55-81-29, 8 (7142) 53-22-35 (тұрмыс зорлық-зомбылығынан зардап шеккен әйелдерге арналған баспана) немесе «102» телефонына қоңырау шалуға болады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы құқыққа қарсы фактілердің жолын кесу бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру