Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі – Мемлекет басшысының назарында
Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық – өзекті мәселелердің бірі. Өйткені отбасы тыныштығы – ол қоғамның тұрақтылығы. Аталмыш мәселе Мемлекет басшысының ерекше назарында. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрі айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және балаларға қарсы ауыр қылмыстар үшін жаза қатаңдады. Полицияның осы мәселемен айналысатын бөлімшелері нығайтылды. Жәбірленушімен жұмыс тәсілдері қайта қаралды. Нәтижесінде бұл мәселеге қоғамның көзқарасы өзгерді. Зорлық-зомбылық құрбандары мұндай фактілер туралы белсенді хабарлай бастады, – деді министр.