Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өткен жылы 45 мыңнан астам қазақстандық теміржол төсемін белгіленбеген жерлерден кесіп өткен

Өткен жылы елімізде теміржол төсемін белгіленбеген жерлерден кесіп өткен 45 мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2024 жылы Көліктегі ПД қызметкерлері белгіленбеген жерлерден теміржол төсемін кесіп өткен 45 148 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Өткен жылы пойыздардың шұғыл тежелуінің 2260 фактісі тіркелді: теміржолда адамдардың болуы салдарынан 3444 дерек, жануарлардың болуына байланысты 1728 дерек және т.б. Сонымен қатар жылжымалы құрамның астына абайсызда 88 азамат түсіп кетті, оның жартысынан көбі өліммен аяқталды. Соның ішінде 6 факт бойынша балалар зардап шеккен.

Мәселен, өткен тәулікте екі адам пойыз астына түсіп кете жаздады. Бұл фактілер Астана және Қарағанды-Сұрыптау станцияларында тіркелді. Абырой болғанда, машинистер теміржол құрамын тоқтатуға үлгеріп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Құқық бұзушылар белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жазатайым оқиғалар азаматтардың қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуынан болады. Көп жағдайда азаматтар теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, жарақат алып немесе пойыз астына түседі. Сондықтан теміржол маңында әр адам мұқият әрі қырағы болуы керек!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру