Өткен жылы Алматыға 108 мыңнан астам шетелдік келген
Өткен жылы Алматыға 108 мыңнан астам шетелдік келген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық көші-қон қызметінің мәліметінше, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,7 %-ға артық. Сонымен қатар өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 46568 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 19128 азамат шетелдіктер болған. Сот шешімімен 2536 шетел азаматы елден шығарылды. Сондай-ақ 229 жұмыс беруші әкімшілік жазаға тартылды.
Сондай-ақ Алматыда қылмыстық ахуалды жақсарту және заңсыз көші-қон арналарын анықтау мақсатында "Құқықтық тәртіп", "Учаске", "Заңсыз келуші" және т.б. республикалық жедел алдын алу іс-шаралары тұрақты негізде жүргізіледі.