Оттегі жастығы аяқталған қарт кісіні полицейлер ауруханаға жеткізді
Алматы полициясы қатерлі ісік ауруы бар атаны ауруханаға жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Instagram әлеуметтік желісінің қолданушылары атасын ауруханаға ертіп келген патрульдік полицияға алғыс білдіретін бейнемен бөлісті.
– Кезекшілік кезінде полицейлер Қанат Көлбасов және Еркін Ахметовке «Думан» ықшамауданының жанында орналасқан бақылау-өткізу пунктінде оларды облыстық ауруханаға алып баруын өтінді. Көлікте медициналық мекемеге жедел жеткізуді қажет ететін қарт кісі бар екендігі белгілі болды. Қатерлі ісік ауруымен ауыратын атаның оттегі жастығы аяқталғаны белгілі болды. Патрульдер жедел жауап берді. Зейнеткердің ауыр жағдайын ескере отырып, олар оны бірнеше минут ішінде көлік құралдарының сүйемелдеуін ұйымдастырып, ауруханаға жеткізді. Тағы бір жағдайда біздің қызметкерлер жүкті әйелді күйеуімен бірге перзентханаға алып баруға көмектесті. Бақытымызға орай, дені сау қыз дүниеге келді. Біз бұған өте қуаныштымыз, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.