Отырар ауданы полиция бөлімінің бастығы тұрғындарға өткен жыл бойынша есеп берді
Отырар ауданы полиция бөлімінің бастығы тұрғындарға өткен жыл бойынша есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылы Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тәртіптің сақталуын, қауіпсіздік пен қылмыстың алдын алу үшін тәуліктеп қызмет атқаруда. Осы тұрғыдан алып қарасақ, көптеген қылмыстардың төмендегені байқалады.
Денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі 100 пайызға төмендеген, яғни 2020 жылы – 0 факт, 2019 жылы – бір факт болған. Бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі 36,3 пайызға төмендеген, яғни 2020 жылы – 65 факт орын алса, 2019 жылы 102 факт орын алып, оның 30-ы ашылып 46,2 пайыз құраған. Сонымен қатар пәтер ұрлықтары да біршама азайып отыр. Олардың саны 60,0 пайызға төмендеген. 2020 жылы – 10 жайт орын алса 2019 жылы – 25 жайт тіркелген. Және жалпы аса ауыр қылмыстардың ашылымы – 33,3%, пәтер ұрлығы қылмысының ашылымы – 25,0%, алаяқтық қылмысының ашылымы – 100,0% жоғарылаған.
Қоғамдық орындағы қылмыстар 38-ден 34-ке, көшедегі қылмыстар 22-ден 14-ке, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар 33-тен 19-ға, адамдар тобы болып жасалған қылмыстар 16-дан 11-ге, алкогольдік ішімдік ішіп жасалған қылмыстар 29-дан 16-ға төмендеген.
Есірткі саласы бойынша да бірнеше ауқымды іс-шаралар ұйымдастырып, нәтижесінде 12-сі есірткіге қатысты қылмыс екені анықталған. Мал ұрлығы 2019 жылмен салыстырғанда 29,4 пайызға төмендеп отыр. 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдайға байланысты Отырар ауданының полицейлері күшейтілген күн тәртібіне көшіп, жұмыс атқаруда. Ауданда 13 ауылдық округ бар, олардың әрқайсысына тәулік бойы қызмет атқаратын бекеттер қойылып, әр бекетке екі полиция қызметкері, төтенше жағдайлар қызметі мамандары, медицина қызметкерлері бірлесе қызмет атқарды.
Отырар ауданының полицейлері қоғамдық орындар мен коммерциялық нысандарда санитарлық шаралармен бетперде тәртібі, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға баса назар аударып, қазіргі таңға дейін осы бағытта жұмыстар атқаруда. Атап айтсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен карантин талаптарын бұзған 254 жайт (оның ішінде отбасылық іс-шара – 35, беташар – 17, ас – бір, құдалық-10, бесік той – бір, қыз ұзату – төрт, көкпар – екі) анықталып, жинақталған құжаттар тиісті шара көру үшін аудандық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.
Сондай-ақ Отырар ауданының полиция қызметкерлері жолдардағы ахуалды жақсарту үшін үнемі рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Және де аудан тұрғындары мен қонақтары жол қозғалысы тәртібін сақтауға шақырады. Полицейлердің жұмыстары жолдардағы тіпті ұсақ құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатына құрылған, сол себепті автокөліктердің күңгірттеуін шешуге баса назар аударылды. Нәтижесінде полицейлер автокөлік жүргізушілер арасында жүргізу мәдениетін қалыптастырып, оларды мас халде автокөлік руліне отырмауға шақыруда. 2020 жылы автокөлікке мас халде рулге отырған 54 азамат анықталды, оның бесеуі құқық бұзушылықты қайта жасаған. Бұл жол ережесін бұзушыларды анықтау жұмыстарының жақсы жүргізіліп жатқанының айғағы. Полицейлер жаяу жүргіншілермен жүргізілетін профилактикалық шараларға да қатаң көңіл бөлуде. Жаяу жүргіншілерге жолдың белгіленген жерімен жүруді түсіндіруде. Нәтижесінде жолдың белгіленген жолағымен жүрмеген 708 азамат анықталып, шара көрілді.
Сондай-ақ, қазіргі кезде халық арасында интернет алаяқтарына алдану жайты көптеп орын алуда. Отырар ауданы бойынша 2020 жылы 10 алаяқтық қылмысы тіркеліп, 150,0 пайызға өсіп отыр, (2019 ж. – төрт).
Сондықтан, халық арасында полиция қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, баннерлер ілініп, 2020 жылдың соңында брошюралар тарқатылды.
Сондай-ақ, қазіргі таңда жергілікті атқарушы органның қолдауымен аудан орталығына қосымша министрліктің базасына тікелей жүктелетін жаңа сегіз бейнекамера қойылып, жұмыстар атқаруда. Қазіргі таңда осы бейнекамера көмегімен 1701 құқықбұзушылық, екі қылмыс анықталды.
Алдағы уақытта аудан аумағында құқық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күрес барысында жедел-қызмет жұмыстарының күшейтілетініне сенім білдіремін.